Қазіргі таңда шыны керек, қоғамда ар, ұят, иман деген құндылықтар азайып бара жатыр. Ол рухани, адами тұрғыдан болсын немесе жүріс-тұрыс, киім-киіс тұрғысынан болсын. Осыдан небәрі он бес, жиырма жыл бұрын,ел, қысқа етек киіп, жалаңаштанған қыз баласын көрсе, бетін шымшып, бұның ұят екенін, бұлай киінгеннің ұятсыздық екенін меңзеп, үлкен кісілер: «Қарағым, мұның ұят емес пе?! Тыртитып киіп алғаның не?» «Не мата жетпей қалды ма?» деп сөгіп, ұрысатын-ды. Естеріңізде ме? ондайларды мектепте де ата-анасын шақыртып, өзін бүкіл оқушылардың алдына шығарып жиналысқа салып, ұрысып, ескерту беріп,...