Алматыда VIII республикалық Құран жарысы өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-28 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысы өтеді.                            

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады. 

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар: 

-    Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
-    үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1 орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
-    толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
-    үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
-    үміткердің 30 жастан аспаған болуы;
-    үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.  

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Өкіл имамның ұсыныс хаты».
Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 19 сәуіріне дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.  

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» деп айтылғанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.


Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Ахметов 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
6 жыл бұрын 3507
0 пікір
Блог туралы