Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Ұстазымыздың «жаңағы» деген сөзді жиі қайталауы құлағыңызды жырып жатса, өз пәнін өзі білмейді-ау деген күмәніңіз болса ұстазға барып, «мастер класс» көрсетіп кетсеңізші. Сізден үйренсін, мінін түзесін.
Сонымен қатар, Сіздің өзіңіздің төл бейне дәрістеріңізді күтеміз. Бір халыққа көрсетсеңізші кемшіліксіз дүние шығаруды. Үйренейік бәріміз.
Жалпы, қателіктен ада, кемшіліктен пәк пенде жоқ. Сондықтан да, аратұра айналадағы адамдардан айып көріп жатуымыз да заңды. Ақын Мұқағалидің: «Сынауға тіптен құмар кім көрінген, Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен» деп айтуы да сондықтан болар?!
Бірде ғұлама кісі шәкірттерінің алдына ақ қағаз жайып, ортасына кішкене ғана нүкте белгілепті. Сөйтіпті де: «Сендер бұдан не көріп тұрсыңдар?», – деп сұрапты. Шәкірттері: «Кішкене нүкте көріп тұрмыз», – дегенде, «Ойпырым-ай, алдарыңа жайған көлдей қағаздың ақ жағын емес, ортасындағы кішкене ғана дақты сөз еткендеріңе жол болсын. Бұл сірә, басқаның бірден жаман жағын көргіш адам мінезін байқатса керек. Бұдан былай өмірдің жақсы жағы мен адамның жағымды қасиеттерін де көре білуге дағдыланыңдар», – деген екен.
Ата дініміз де, баба салтымыз да, ұлттық мәдениетіміз де, адами қасиетіміз де бізді сыншыл емес, шыншыл болуға үндейді. Бүгінде шын айтып жатырмын деп сын айтатындар көбейді. Сын айтатындар сынның айтылуы жеңіл болғанымен жүгі ауыр екенін естен шығармаса екен. Әсіресе өзгелердің кемшілігін жария ету – өте ауыр екенін білсе игі. Алла Тағала «Хұжурат» сүресінің 12-аятында бұл жайлы: «Әй, иман еткендер! Біреудің кем-кетігін іздемеңдер!» деп, қатаң ескертеді.
Асыл дінімізде басқаның кемшілігін сөз ету былай тұрсын, басқа бір мұсылман жайлы жаман ойға барудың өзіне де тыйым салынған. Өйткені, бұл ешқашан адамдардың арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты, бауырмашылдықты арттырмайды, қайта олардың арасына іріткі салып, бір-бірінен суытады.
«Білімді адам әр нәрсенің байыбын айтады, білімсіз адам басқаның айыбын айтады» демекші, өзгелердің кемшілігін жасыра білу – бұл мұсылмандық мінез, адами қасиет, пенделік парасаттылық.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дүниеде бір пенде басқа бір пенденің айыбын жасырса, Алла қиямет күні оның айыбын жасырады» дейді (Мүслім).
Термизи риуаят еткен хадисте Абдулла Ибн Омар (р.а.) айтады: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінберге көтерілді де, қатты дауыспен былай деді: «Ей, тілімен мұсылман болған, бірақ жүректеріне иман кірмеген кісілер, мұсылмандарға кесірлерің (зияндарың) тимесін, оларды айыптамаңдар, олардың кемшіліктерін іздеп (аңдып) жүрмеңдер. Кім мұсылман бауырының айыбын іздесе, Алла оның айыбын тексереді. Ал Алла кімнің айыбын тексерсе, оны үйінің түкпірінде болса да қарабет қылады».
Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы» десе, Ақтамберді жырау: «өз мінін білген жігіттің тәлімінде мін барма?» дейді. Ал дана Абай: «Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес» дегендей, біреудің айыбын термей өз бойымыздағы мінімізді түзейік. Бір-біріміздің айыбымызды жасырайық! «Барыңды күзет, Арыңды күзет, Өзгені сынағанша, Өзіңді түзет!» деген ұлағат сөзге әрекет жасайық!!!