«KFC» компаниясы Діни басқарманың халал сертификатына ие болды

KFC мейрамханасының тағамдарына жасалған сараптама нәтижесінде Діни басқарманың халал сертификаты берілді. Тыңғылықты зерттеулер нәтижесінде лаборатория қорытындысына сүйене отырып, оң баға берілді.

Игі шараға ҚМДБ халал өнімдерді стандарттау бөлімінің орынбасары Мұратбеков Бақытжан мен Алматы қаласы бойынша Халал стандарттау бөлімінің жауапты өкілі Елжанов Әнуарбек қатысты.

Айта кетсек, «KFC» мейрамханасы республика аумағында 32 ел аумағында халыққа қызмет көрсетуде. Атап айтар болсақ, Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан.

muftyat.kz

«KFC» компаниясы Діни басқарманың халал сертификатына ие болды
Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
9 жыл бұрын 6595
5 пікір
  • Өзі онсыз да фастфудты жақсы көретін халыққа мынау жарнама болды ғой(((
    9 жыл бұрын
  • Осы асхана тұп-тура менің үйімнің қасында. Өткен сайын: "халал ма екен?",- деп өтуші едім. Жақсы болған екен.
    9 жыл бұрын
    • KFC -дің жасалған тағамдары ҚМДБ-ның келім шартпен жұмыс жасайтын арнайы зертханадан тексерілген. Құрамында харамнан болған (ДНҚ заттары жоқ болмағандықтан) заттар болмағандықтан Халал бөліміне ережесіне сай болғандықтан сертификаты берілді. Тазалығына жауап беретін СЭС-тің құжаттары бар. Мемлекет тарапынан ол да қолға алынған. Өсімдік майының қатты күйіп кетпеуін арнайы тест таяқшалары арқылы тексеріліп тұрады. Картоптан жасалған фриі ГМО-сыздығы анықталды. Анығын Алла білуші...
      9 жыл бұрын
  • Иә, иә, Берік. Бір апайым айтып еді. Гонконг барған ғой ем-дом іздеп. Содан еш жерден адал тамақ таппай, 10 күн кфс жедік деп. Себебі, тек сол асханада ғана халал стандарттың рұқсатнамасы бар екен. Содан бері, бұрын аузыма салмайтын картопты жақсы көріп кеттім деп күлдірген-ді.
    9 жыл бұрын
Блог туралы