Өнер қырандары "Берекелі мереке-3" атты рухани-патриоттық кешіне шақырады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке-3» атты рухани-патриоттық кеші өтеді.

Рухани кештің мақсаты - қасиетті Рамазан айы қарсаңында мұсылмандарды бес парыздардың бірі ораза құлшылығын өтеуге құлшындырып, халыққа насихат жасау. Бұл жаңа бағдарламада «Өнер қырандары» театрының орындауында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмірінен үзінділер, қоғам руханияты мен салауатты өміріне кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелер тақырып етіп алған тағылымды театрландырылған қойылымдар орын алады. Сондай-ақ, рухани кеште діни әндер мен жырлар орындалады. Кешке белгілі өнер жұлдыздары қатысады. 

Осы жаңа бағдарламамен ҚР басқада қалаларына гастрольдік сапарымен шығады. Ел алдында жүрген абыройлы азаматтар Жаратқанын таныса - ең үлкен өнеге осы. Әзілдің астарымен өмірдің ақиқатын жеткізе білген өнерлі жігіттерге қолдау білдірейік. Концертке келіңіздер!

Айта кетейік, аталған жоба 2015 жылы ағаш рет Алматы қаласы, Студенттер сарайында және 2016 жылы Алматы қаласы, Республика сарайында көрермен назарына ұсынылып, олардың ыстық ықыласына бөленіп қана қоймай, «31» телеарнасының көрермендері тарапынан ең көп тамашаланған бағдарламалардың қатарына енген болатын.

Рухани кештің өтетін жері: Алматы қаласы, Республика сарайы, 21 мамыр күні сағат 14:00-де, 18:30-де басталады.

Билеттер Алматы қалалық мешіттерінде сатылады.

Анықтама телефоны: +7 7759573410, +7 771 466 62 78.

өнер қырандары, Берекелі мереке-3, рухани-патриоттық кеш
Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
7 жыл бұрын 7307
0 пікір
Блог туралы