ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ: «ТОР» атты рухани кеш өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен «Өнер қырандары» театрының «ТОР» атты рухани кеші өтеді.

Рухани кештің мақсаты - қазіргі жастардың ұялы телефондарына үңіліп, уақытын зая өткізіп жүргендерін, шетелдік сериалдар мен кинолардың, адамдарға кері әсерін беріп жатқандығы жайында, халыққа насихат жасау.

Бұл жаңа бағдарламада «Өнер қырандары» театрының орындауында дәстүрлі емес жат діни ағымдардың алдын алу және олардан сақтандыру тақырыбында қоғам руханияты мен салауатты өміріне кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелерді тақырып етіп алған тағылымды театрландырылған қойылымдар орын алады.

Рухани кештің өтетін жері: Алматы қаласы, Республика сарайы, 28 қазан күні, сағат 19:00-де басталады.

Анықтама телефоны: +7 708 298 72 18, +7 771 466 62 78.

өнер қырандары, «ТОР», рухани кеш
Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
7 жыл бұрын 7021
0 пікір
Блог туралы