Екі жастың некесі мешітте қиылған соң, бұл рәсімге қатысушылар ерлі-зайыптыларға Алланың елшісі (ﷺ) үйретіп кеткен шырайлы дұғамен тілектерін білдіреді.
Неке қиялған соң екі жасқа оқылатын дұғаның арабша мәтіні:
بارك الله لكما و بارك عليكما وجمع بينكما فى خير
«Ба ракАллау ләкума уа ба рака алайкума уа жамаға байнакума фи хайр».
Қазақша мағынасы: «Алла екеуіңе береке берсін және үстеріңе де береке төксін, әрі араларыңды жақсылықта қоссын!»[1]. Бұл дұға ерлі-зайыптылардың тұрақты да бақытты өмір сүрулеріне жеткізетін маңызды себептердің бірі. Шынайы тілек Алла Тағаладан ғана тіленеді. Сондай-ақ кез-келген игі істің сәттілігі дұғаға тәуелді болады. Ал енді шараппен, ойын-күлкімен және Алла Тағаланың аты аталмаған, бірақ өздеріне лайықты көрінген тілектермен басталған неке шынайы бақытқа апарады деу қиынға соғады.
Дайындаған: Берік Үйсінбаев
muftyat.kz
[1] Ат-Тирмизи жеткізді