Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ): «Жәннатта бір кірпіші алтын, бір кірпіші күмістен болған үй салып жатқан періштелердің тоқтап қалғанын көрдім. «Неге тоқтадыңдар?» – деп сұрағанымда, періштелер: «Нәпәқамыз бітті», – деп жауап берді. «Нәпәқаларың не?» – деп сұрағанымда, олар: «Осы сарай иесінің зікірі – біздің нәпәқамыз. Егер ол зікір айтса, біз саламыз, ал егер ол зікір айтуды тоқтатса, біз де тоқтаймыз», – деп жауап берді.
Құрметті мұсылман бауырлар, Жаратқан Алла Тағалаға деген шүкіршілігіміз азаймасын!