«ЗАМАН-АЙ» атты рухани-патриоттық кеші өтеді

Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен «Өнер қырандары» театрының «ЗАМАН-АЙ» атты рухани-патриоттық кеші өтеді.

Рухани кештің мақсаты - азаматтардың теріс діни ағымдардың арбауына түсіп қалудың алдын-алу мақсатында, халыққа насихат жасау. Бұл жаңа бағдарламада «Өнер қырандары» театрының орындауында дәстүрлі емес жат діни ағымдардың алдын алу және олардан сақтандыру тақырыбында қоғам руханияты мен салауатты өміріне кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелерді тақырып етіп алған тағылымды театрландырылған қойылымдар орын алады. Кешке көпке танымал өнер жұлдыздары қатысады. Сондай-ақ, рухани кеште діни әндер мен жырлар орындалады.

Айта кетейік, бұл жоба биыл алғаш рет Алматы қаласы, Студенттер сарайында көрермен назарына ұсынылғалы отыр.

Рухани кештің өтетін жері: Алматы қаласы, Студенттер сарайы, 26 қараша күні сағат 19:00-де басталады.

Билеттер Алматы қалалық мешіттерінде сатылады. 

Анықтама телефоны: +7 702 435 06 36, +7 771 466 62 78.

 

өнер қырандары, ЗАМАН-АЙ, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен
Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
7 жыл бұрын 5008
0 пікір
Блог туралы