О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.
Сыныңызды қазіргі қазақ эстрадасына, әншілерге, композиторларға т.б. айтсаңыз болады. Негізі музыка саласына жауапты солар ғой. Қазақ мәдениетіне, ұлттық музыкасына шынайы жаныңыз ашитын болса бүгінгі қазақ музыкасындағы батысқа еліктеу тенденциясына алаңдап, сынды соларға айтады деген ойдамын.
«Біткен іске сыншы көп» дегендей сынау оңай, мінді түзеу оңай шаруа емес. «Сын түзелмей мін түзелмейді» дейді. Айтар сынымыздың мақсаты шынайы мін түзеу болса игі. «...қазақша күйлер толып жатыр ғой», «Жазып жіберетiндей аспаннан алтын нәрсе емес интернетте толып тұр» деп айта салу оңай, бірақ олардың фондық әуенге келу-келмеуі бар. Осыған байланысты, егер талғамыңыз жақсы болса, музыканы бағалайтын жан болсаңыз келеді-ау деген қазақи әуенді жіберіңіз деп едім. Ең болмаса сілтемесін. Жігіттерге жеткізейік.
Мінді көріп, оны түзеуге тырыспасаңыз айтқан сыныңыз жәй ғана «өтірік жанашырдың» әңгімесі ғана болып қалады...
Әрине бәрімізде кемшілік көп, идеалный дүние жоқ. Кез келген жерден кемшілік табуға болады. «Жақсылығын асырып, жамандығын жасыру» міне нағыз қазақтың мәдениеті. Өзге біреудің кемшілігін көрмей, кеңшілігін көре білу нағыз мұсылманның мәдениеті. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дүниеде бір пенде басқа бір пенденің айыбын жасырса, Алла қиямет күні оның айыбын жасырады» дейді (Мүслім).
Термизи риуаят еткен хадисте Абдулла Ибн Омар (р.а.) айтады: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінберге көтерілді де, қатты дауыспен былай деді: «Ей, тілімен мұсылман болған, бірақ жүректеріне иман кірмеген кісілер, мұсылмандарға кесірлерің (зияндарың) тимесін, оларды айыптамаңдар, олардың кемшіліктерін іздеп (аңдып) жүрмеңдер. Кім мұсылман бауырының айыбын іздесе, Алла оның айыбын тексереді. Ал Алла кімнің айыбын тексерсе, оны үйінің түкпірінде болса да қарабет қылады».
Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы» десе, Ақтамберді жырау: «өз мінін білген жігіттің тәлімінде мін барма?» дейді. Ал дана Абай: «Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес» дегендей, біреудің айыбын термей өз бойымыздағы мінімізді түзейік. Бір-біріміздің айыбымызды жасырайық!
Бұл жұмысты шығару үшін қаншама кісілер еңбек етті, тер төкті. Бұл жұмыстан берер пайдасын емес кемшілігін іздесек, істелген еңбекті бағаламасақ біздің мұсылмандығымызға, азаматтығымызға сын деп есептеймін!!!