Ата-анаңды қуанттың ба?

Соңғы рет ата-анаңды қашан қуанттың? Иә, иә... саған айтып тұрмын. Шыныңды айтшы, анаң не әкең қашан шын қуанды. Оларды қуантқан сәтті есіңе алшы? Ол қашан еді? Қай күні? 3 күн өтті ме? 2 апта бұрын? 1 ай бұрын? Мүмкін сен әке-шешеңді шын қуантпағаныңа 1 жыл өтіп кеткен шығар?! Сен себепсізден себепсіз ана-анаңның бетін қашан сүйдің? Қашан оларды құшақтап, мен сіздерді жақсы көремін деп айттың? Бүгін бе? Кеше ме? Әлде 5-6 жыл бұрын бір құшақтағаныңды есіңе алып отырмысың? Бала-шаға мен қатыныңды күніне қанша рет сүйіп, оларға мен сені жақсы көремін деп қанша рет айтасың? Мойындашы, ата-анаңа арнаған жылы сөзің олардың қасында тым аз ғой. Әлде сенің ата-анаң жылы сөзіңе лайықты емес пе? Мүмкін сен оларды жек көретін шығар. Олардың сен үшін құрметі жоқ шығар?! Олай емес пе? Онда оларды қуантуға не кедергі? Олардың бетінен сүюге кім тосқауыл? Оларды құшақтап мен сіздерді жақсы көремін деп айтсаң кім қой дейді. Олар сенің ата-анаң ғой. Олар сенің жарық дүниеде жүруіңе себепші жандар ғой. Неге өзімшіл, тым қатал болып кеткеңсің? Соңғы рет сыйлық сыйлаған күнің есіңде де жоқ шығар. Есіңде болса дасыйлық сыйлағаныңа 3-4 айт өтіп кеткен шығар. Сәл ойланшы.... Бүгіннен қалдырмашы, жоооқ, оларды қазір қуантшы! Қоңырау шал. Үйде болса, құшақтап бетін сүйші. Кім біледі, кешке дейін тым кеш болып қалуы да мүмкін ғой! 

Berik Sultanның ФБ парақшасынан алынды

Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
9 лет назад 4606
0 комментариев
О блоге