ХӘЛІМІЗ НЕ БОЛМАҚ?

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) Жәбірейілден (ғ.с.) тозақ жайлы сұрайды. Жәбірейіл (ғ.с.) ол туралы ұзақ түсіндіріп береді. Оның айтқандарына шыдай алмай талып қалған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәлден соң есін жиып:

– Ей, Жебірейіл! Осыншама сұмдық бәлекетті жерге менің үмметім кіре ме? - деп сұрағанда Жәбірейіл (ғ.с.):

– Иә, үмметіңнен үлкен күнә жасағандар жәһаннамға кіреді, - дейді.

Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) көп жылайды. Бөлмесіне кіріп алып, тек намазға ғана шығып, одан басқа уақытта ешкіммен көріспей қояды. Сыртқа шықпағанына үш күн болғанда хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) келіп есігінен:

– Расулланы көруге бола ма? - деп дауыстайды. Бірақ іштен жауап болмаған соң жылап жылап қайтады.

Сосын хазіреті Омар (р.а.) келіп, әлгі сөзді қайталайды. Ол да қайтады.

Сосын хазіреті Фатима (р.а.) келіп:

– Алла расулы! Мен қызыңыз Фатимамын, - дейді. Есікті ашқан әкесінің жүзі боп-боз болып, жүдеп кеткенін көріп Фатима (р.а.):

– Әкешім, сізге осыншама не болды? - деп сұрайды.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Маған Жәбірейіл (ғ.с.) келіп тозақ жайлы айтып берді:

Бұл дүниеде күнә жасағандар жәһаннамға әкетіліп бара жатқанда «Уа, Мұхаммед! Уа, Мұхаммед!» деп бақырып, құлындаған дауыстары шығады.

Бірақ тозаққа жақындап тозақ періштелері көрінгенде олар мұны ұмытып қалады.

Періштелер:

– Сендер кімсіңдер? - деп сұрайды. Олар:

– Біз өздеріне Құран түскендерденбіз және рамазанда ораза ұстағандарданбыз, - дейді.

Періштелер:

– Құран Кәрім Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметтеріне түскен ғой, - дейді.

Сонда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімін естеріне қайта түсіріп:

– Біздер Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметіненбіз, - дейді.

Періштелер:

– Құран Кәрімдегі Алла тағалаға қарсы шыққандардың жағдайын білдірген аяттардан хабарларың бар ма еді? - деп сұрайды. Олар:

– Бар. Бірақ біз ғапылдыққа салындық. Шайтанға мойынсұндық, - дейді.

Өздерінің сол күйлеріне қатты өкінеді. Періштелерден рұқсат сұрап, өкініштен ұзақ жылайды. Жылай-жылай көз жастары таусылады. Сосын көздерінен қан аға бастайды.

Сонда періштелер оларға:

– Босқа жылайсыңдар. Егер дүниеде осылай жылағандарыңда пайдасы болар еді, қазір жыламайтын едіңдер, - дейді.

Сосын періштелерге: «Оларды жәһаннамға таста!» деген әмір келеді...

СОНДА, ХӘЛІМІЗ НЕ БОЛМАҚ? АҚЫРЕТТЕРГІ МҮШКІЛ ЖАҒДАЙЫМЫЗДЫ ОЙЛАЙЫҚ, БАУЫРЛАР!

Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
9 лет назад 6343
2 комментария
  • Иман (кәлима). Ілім (Құран, хадис). Намаз. Ораза. Зекет. Садақа. Құрбандық. Қажылық. Көркем мінез. Ата-ана, туыс-бауыр. Бала-шаға. Истиғфар. Тәубе. Дұға. Зікір. Көз жасы. Қорқыныш. Үміт.
    9 лет назад
  • Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі солай уайым қылса, біз не істеп жүрміз!?
    9 лет назад
О блоге