«Валентин» күні – қаралы күн!

Мұхтар Шаханов, қоғам қайраткері:

«Өз басым, валентин күніне қарсымын!»

Өкінішке қарай, қазір біздің жастарымыз валентин күнін тойлау дегенді алға шығарыпты. Мен өз басым валентин күніне және де бұл қозғалысқа қарсымын!

 

*  *  *

 

Мадияр Серікбаев, «Өнер қырандары» театрының директоры:

«Валентин күні – имансыздыққа апаратын жол»

Валентин күнін тойлайтындардың ұятты қолданатын жерлері осы. Қарындастарымызға айтарымыз - бұған жолаудың керегі жоқ, жоламаңдар! Сол күні аға мен қарындас аймаласып, күнәлі істер істеп жатады. Тағы, небір отырыстар ұйымдастырып, арақ-шарап тасып жатады. Бұлардың барлығы қоғамды азғындыққа, арсыздыққа және имансыздыққа апаратын жолдар. Бұл іске атсалысып жүрген үлкен ағаларымызды көргенде жағаңызды ұстайсыз. Бұл мерекені ұйымдастырушылар, бірін-бірі құттықтап қағаз таратып жүргендер қазақ еліндегі мұсылмандарға қылмыскер сияқты болып көрінеді. Себебі, болашағына балта шабатын, өз елін күнәлі іске жетелеу – бұл қазақ елінің болашағына балта шапқанмен бірдей.

*  *  *

 

Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

«Валентин күні қазақ қоғамына келіп жатқан – қаралы күн!»

Олардың негізгі мақсаты қазіргі өскелең жастардың санасын улау және жан дүниесін лайлау болып табылады. Бұл валентин күні мемлекет тарапынан бекітілген күн емес. Бұл валентин күні қазақ қоғамына келіп жатқан – қаралы күн.

 

*  *  *

 

Нұржан Қалжан, әнші:

«Валентин күнінің бізге берер еш пайдасы жоқ!»

Бұл мерекені бұрын балалықпен тойлайтын едік. Қазір шүкір ес білгелі бұл валентин күнінің бізге берер еш пайдасы жоқ екенін көзіміз көріп отыр. Керісінше, бұл мейрамды жастар арасынан алып тастау керек секілді.

 

*  *  * 

 

 

Жұбаныш Жексенұлы, әнші:

«Валентин күніне қарсымын!»

Біз ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-ана, әнші және де осы елдің азаматы ретінде айтарым – бұл валентин күніне қарсымын.

 

*  *  *

 

Сержанәлі Әлібек, әнші:

«Жастарды рухани азық беретін мерекелерді тойлауға шақырамын!»

Жастардың махаббатын европаның шаттығымен шатастымауымыз қажет. Жастарға айтарым, өзіміздің төл мерекелерімізді және де адамға рухани азық беретін, тура жолға бастайтын мерекелерді тойлауға шақырамын.

Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
9 лет назад 4698
0 комментариев
О блоге