Алла мені сүйеді ме?
Бір күні осы сұрақ ойыма келді.
Алла Тағаланың пенделеріне махаббаты пенделердің бойында Құранда айтылған сипаттардың, қасиеттердің табылуымен болатындығы есіме түсті. Өзімді салыстыру мақсатымен құранда айтылған сипаттарды ой елегінен өткізе бастадым.

Қарасам, Алла тақуа құлдарын сүйеді екен. Өзімді тақуаларға жатқыза алмаймын. 

Қайта ойландым. Алла Тағала ихсан деңгейіне жеткен (мухсин) құлдарын сүйеді екен. Ихсан қайда мен қайда?!

Қайта ойландым. Алла Тағала тағы сабырлы құлдарын сүйеді екен. Менде сабырлылық бар ма? Мендей сабырсыз адамдар аз болар!

Қайта ойландым. Қарасам, Алла өз жолында күресушілерді сүйеді екен. Түннің үшінші бөлігінде үстімнен көрпені алып тастауда шайтаннан жеңіліп жатқанда қайдағы күрес!

Əрі қарай іздесем, бойымнан Алланың махаббатына лайық ететін бірде бір сипат табылмай қала ма деп қорқып, тұла бойымды үрей биледі. Іздеуді шарт тоқтаттым. 

Амалдарымды пікірледім. Жалқаулық, немқұрайлық аралас екен. 

Сол кезде ойыма Алла тəубе етушілерді сүйеді деген Жаратушымның сөзі келді.

Бұл аяттың мен жəне маған ұқсағандарға арналған екендігін жаңа ғана ұққандай болдым. 
Еріксіз:
Аллахым өзіңе тəубе еттім, күнəларымды кеш. 
Аллахым өзіңе тəубе еттім, күнəларымды кеш. 
Аллахым өзіңе тəубе еттім, күнəларымды кеш, – деген сөзді бəсең дауыспен қайталай бастадым. 

Осымен Алла тағаламның сүйікті құлдарының қатарына кіріп қалармын...
أستغفر الله العظيم وأتوب إليه. أستغفر الله العظيم وأتوب إليه.
أستغفر الله العظيم وأتوب إليه.

Шейх Али Тантауи,
Жазба Ерсін Әміренің Фейсбук парақшасынан алынды

Алла мені сүйеді ме?
Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
8 жыл бұрын 4115
1 пікір
  • Мен Аллаһтың өзіме деген махаббатын адамдардың маған деген қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы шамалаймын. Алғаш намаз оқып дін жолында рухании ізденіске түсіп, жан ләззатын шынайы сезінген уақыттарда құтты бір жүзімнен нұр шашырап тұрғандай адамдар да маған мейіріммен, сеніммен қарайтын, аспан әлемінен тылсым бір қолдау күшті сезіп аяғымды нық басып, көңілім орнықты болатын. Ал сабырсыздық пен пендешілік жайлап, иман әлсіреген кездерде жақсы қарым-қатынаста жүрген адамдардың өздері біртүрлі қараған тәрізді болады. Дәл сол кезде ішімнен бұл Тәңірдің де маған деген назары деп қабылдаймын. Өйткені ол адамдар менің сол кездегі пендешіліктеріме еш қатысы жоқ, тіпті куә де емес. Бұл Алланың хикметі.
    8 жыл бұрын
Блог туралы