АЛТЫ ҚЫЗЫ БАР ӘКЕ

Алла Тағала 6 қыз берген бір кісінің әйелі жетінші рет көтеріп, сәби күтеді. Әбден ұлды аңсағын ол бұл жолы да қыз болмаса екен деген әке, өздігінен шешім қабылдап, осыдан әйелім қыз босанса ажырасуға тура келеді. Басқалай жол жоқ деп шайтани ойға жүгінеді.

Артымнан тегім жалғасатын ұл қалдыруым керек деп жүргенде, бір күні қараңғы түсіп, ұйқыға кетеді. Түн жарымда түс көріп, түсінде Қиямет қайым басталады… Тозаққа қарай әмір етіліп қатты үреймен барса, Тозақтың қақпасында бір қызы тұр екен. Екінші қақпасына барса ол қақпасында да бір қызы тұр екен, солай ары қарай алтынша қақпаға дейін барса, ол қақпада да тозаққа кіргізбей алтыншы қызы тұрады. Жетінші қақпасына барғанда айқара ашық тұрғанын көріп, қорқынышпен айқайлап жібергенде оянып кетеді…

Өзінің әйелі мен қыз жайлы ойлаған ойының қате екенін түсініп, Алла Тағаладан кешірім сұрап, тәубе етіп, Алла Тағала қай жынысты сәбимен рызықтандырса да шүкірлік ететінін айтып, тәубеге келген екен.

Расында, бүгінде осындай ойдағы кісілер жоқ емес. Тіпті ажырасып жатқандарды да естіп-көріп келеміз. Алла Тағала барлығымызға сана беріп, қыз берсе елдің көркіне сай салихалылығымен бергей. Ұл болмады деп шайтани ойға барудан Алла Тағала Өзі сақтасын!  

Анас (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім екі қыз баласын бойжеткенге дейін тәрбиелесе қиямет күні сол адам және екеуміз бірге боламыз», - деп саусақтарын біріктіріп көрсетті» - деген.

Уқба ибн Амирден ибн Мажаһ риуаят еткен хадисте: «Егер бір адамның үш қызы болса, оларды киіндіріп, қамқорлық етіп, тамақтандырып оларға сабырлық етсе, қыздары қиямет күні тозақ отынан сақталуына себепші болады», - деген.

Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
8 жыл бұрын 6579
2 пікір
  • Аллаға шүкір отбасында 4 қыз, 1 ұлмыз. Әкем марқұм ешқашан анама ұлым жалғыз болды деген емес, қайта анам ұл бола ма деген кішкентай сіңлілерімді өте қатты жақсы көретін. Кенже сіңлімді тіпті қасынан тастамайтын, әкем көлік жөндесе де, үтік жөндесе де қасында жүретін.
    8 жыл бұрын
  • Алты қызың болса қандай бақыт десеңізші онда. Қазірге Алла берген бір қызым бар :)
    8 жыл бұрын
Блог туралы