Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
Ұстазымыздың «Аллаға хамдiлер» сынды Сізге ұнамай қалған сөздері құлағыңызды жырып жатса, ұстазға барып, «мастер класс» көрсетіп кетіңіз. Сізден үйренсін, мінін түзесін.
Жіне де, Сіздің өзіңіздің де төл бейне дәрістеріңізді күтеміз. Бір халыққа көрсетсеңізші кемшіліксіз, тілі керемет дүние шығаруды. Үйренейік бәріміз.
Жалпы, қателіктен ада, кемшіліктен пәк пенде жоқ. Сондықтан да, аратұра айналадағы адамдардан айып көріп жатуымыз да заңды. Ақын Мұқағалидің: «Сынауға тіптен құмар кім көрінген, Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен» деп айтуы да сондықтан болар?!
Бірде ғұлама кісі шәкірттерінің алдына ақ қағаз жайып, ортасына кішкене ғана нүкте белгілепті. Сөйтіпті де: «Сендер бұдан не көріп тұрсыңдар?», – деп сұрапты. Шәкірттері: «Кішкене нүкте көріп тұрмыз», – дегенде, «Ойпырым-ай, алдарыңа жайған көлдей қағаздың ақ жағын емес, ортасындағы кішкене ғана дақты сөз еткендеріңе жол болсын. Бұл сірә, басқаның бірден жаман жағын көргіш адам мінезін байқатса керек. Бұдан былай өмірдің жақсы жағы мен адамның жағымды қасиеттерін де көре білуге дағдыланыңдар», – деген екен.
Ата дініміз де, баба салтымыз да, ұлттық мәдениетіміз де, адами қасиетіміз де бізді сыншыл емес, шыншыл болуға үндейді. Бүгінде шын айтып жатырмын деп сын айтатындар көбейді. Сын айтатындар сынның айтылуы жеңіл болғанымен жүгі ауыр екенін естен шығармаса екен. Әсіресе өзгелердің кемшілігін жария ету – өте ауыр екенін білсе игі. Алла Тағала «Хұжурат» сүресінің 12-аятында бұл жайлы: «Әй, иман еткендер! Біреудің кем-кетігін іздемеңдер!» деп, қатаң ескертеді.
Асыл дінімізде басқаның кемшілігін сөз ету былай тұрсын, басқа бір мұсылман жайлы жаман ойға барудың өзіне де тыйым салынған. Өйткені, бұл ешқашан адамдардың арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты, бауырмашылдықты арттырмайды, қайта олардың арасына іріткі салып, бір-бірінен суытады.
«Білімді адам әр нәрсенің байыбын айтады, білімсіз адам басқаның айыбын айтады» демекші, өзгелердің кемшілігін жасыра білу – бұл мұсылмандық мінез, адами қасиет, пенделік парасаттылық.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дүниеде бір пенде басқа бір пенденің айыбын жасырса, Алла қиямет күні оның айыбын жасырады» дейді (Мүслім).
Термизи риуаят еткен хадисте Абдулла Ибн Омар (р.а.) айтады: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінберге көтерілді де, қатты дауыспен былай деді: «Ей, тілімен мұсылман болған, бірақ жүректеріне иман кірмеген кісілер, мұсылмандарға кесірлерің (зияндарың) тимесін, оларды айыптамаңдар, олардың кемшіліктерін іздеп (аңдып) жүрмеңдер. Кім мұсылман бауырының айыбын іздесе, Алла оның айыбын тексереді. Ал Алла кімнің айыбын тексерсе, оны үйінің түкпірінде болса да қарабет қылады».
Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы» десе, Ақтамберді жырау: «өз мінін білген жігіттің тәлімінде мін барма?» дейді. Ал дана Абай: «Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес» дегендей, біреудің айыбын термей өз бойымыздағы мінімізді түзейік. Бір-біріміздің айыбымызды жасырайық! «Барыңды күзет, Арыңды күзет, Өзгені сынағанша, Өзіңді түзет!» деген ұлағат сөзге әрекет жасайық!!!
Жалпы, ертең ақіретте Алла Тағала «сен неге мына сайттаға пәленше бейнеге, түгенше мақалаға пікір қалдырып, кемшілігін айтпадың?» деп, Сізден сұрамас. Бәлкім керісінше «Сен неге мына пендемнің айыбын аштың?» деп сұрауы әбден мүмкін. Менің айтпағым осы еді. Сайттағы басқа да материалдарға жазып жатқан пікірлеріңізді оқи отырып, ол жазбаларыңыздың Сізге осы дүниеде де, ақіретте де пайда әкелмейтінін айтқым келеді. Бұл менің Сізге Иықтағы екі періште әрбір айтып-жазып жатқан сөзімізді кітабымызға түртіп жатқандығын, ертең содан сұралатынымызды ескертейін дегенім ғана.
Алдыңғы сындарыңыз ғайбатқа келсе енді мына сөзіңізді тіпті жала деуге де болады. "мен ғана тазамын, қаншама еңбек еттік, біз жасадық, , кемшілігім болса түзеледі, бірақ, оны сен айтатын кiмсiн, әуелі біздей болып ал" деген жерім жоқ. Керісінше, ақын Абай атамыздың: «Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес» деген сөзіне қосылып кемшілігіміз көп, сол кемшіліктерімізді дініміз үйреткендей жасырайық деп едім.
Менің жауабымды мінді мойындамау деп түсінбеңіз. Уағыз айтып, дәріс беріп жүрген кей ұстаздарымыздың уағыздары мен дәрістерінен осындай болмашы қателіктерін көріп, оны бетіне басқаннан пайда алмаймыз. Жалпы, біз қазақ ұяңдау халықпыз. Осындай пікірді көріп, өзі уяңдау ұстаздар мүлдем уағыз айтпай, дәріс жүргізбей қойса, қысылып сөйлей алмай, алған білімдерін жұртқа жеткізбесе қоғамымыздың оңалып, руханиятмыздың дамымасы белгілі. Сол үшін де, қай салада болмасын жасалып жатқан игі істер мен берекелі бастамаларды бағалайық дегенім еді.
Бұл жазбаларды Сізді сынау үшін емес, сынның жауапкершілігін жеткізу үшін жазған едім. Сынның мақсаты ауыздан шығу емес мінді түзеу болса нұр үстіне нұр болары ақиқат. Ең бірінші, сын айтушы адам сол сынды айтуға лайықты болуы керек. Және оның жүгін, жауапкершілігін көтере алуы тиіс. Сондықтан да, сын айтуды сүйетін әрбір азамат осыны жақсылап ұғу қажет деп ойлаймын!!!