
Дін мен өнердің жанашыры болған «ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ» жігіттеріне қолдау білдірейік, қадірлі ағайын!
Дін мен өнерді бір-біріне ұштастыра білген өнерлі жігіттердің тамаша кешіне келіңіздер, көріңіздер!
Өнер майталмандарының кешінде рухани жан дүниеңіз жаңара түсері сөзсіз!
«КЕЛ, ТАНЫСАЙЫҚ» атты әзіл кеште жолығайық, бауырлар!


Берік Арғынбекұлы
«Өнер қырандары» театры еліміз бойынша ата дінімізді, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттап жүрген жалғыз театр ұжымы десек артық айтқандық емес. Атам қазақ: «Болар елдің балалары бірін-бірі батыр дейді», - деген. Менің бұл жарнаманы жариялаудағы мақсатым да осы. Дінге жанашыр болған азаматтарға біз де жанашыр болып, қолдау көрсетсек деген тілегім еді!
Өнер қырандары өткізгелі отырған кештен рухани нәр алып қайтуыңызға тілектеспіз.