«ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ» ШАҚЫРАДЫ!

Дін мен өнердің жанашыры болған «ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ» жігіттеріне қолдау білдірейік, қадірлі ағайын!
Дін мен өнерді бір-біріне ұштастыра білген өнерлі жігіттердің тамаша кешіне келіңіздер, көріңіздер!
Өнер майталмандарының кешінде рухани жан дүниеңіз жаңара түсері сөзсіз!
«КЕЛ, ТАНЫСАЙЫҚ» атты әзіл кеште жолығайық, бауырлар!

«ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ» ШАҚЫРАДЫ!
Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
8 жыл бұрын 9589
6 пікір
  • Дін мен өнерді бір-біріне қалай ұштастыруға болады? Бір жүректе екі махаббат болмайды. Дін мен өнерді ұштастыру деген бос сөз. Ол жерде айғайлаған музыка мен бос күлкіден басқа ештеңе жоқ. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) аз күліп көп жылағанын еске алайық. Осындай топтарды ең болмаса діни сайттарда жарнамаламай-ақ қойсақ...
    8 жыл бұрын
    • Ассаламу алайкум, Рам бауырым! Дін мен өнерді ұштастыруға болады деп ойлаймын. Тек шариғатттың белгілі шекарасынан асып кетпесе болғаны. Мысалы, «Өнер қырандары» Мәуліт мерекесінде «Пайғамбарға сағыныш» деген қойылымы және де биыл оразаның алдында Рамазан айынының құрметіне орай Алматыдағы Студенттер сарайында өткізген «Берекелі - мереке» атты концертінде көрерменнің жан жүрегін елжіретіп, көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелерге діни, рухани сахыналық қойылымдар қойды. Әсіресе, «Оразаның қадірі», «Жетімнің тағдыры», «Құдалық күту» және де т.б. көптеген қойылымдарын дінмен ұштастырып келеді. Осының өзі дін мен өнерді ұштастыру болса керек-ті.

      «Өнер қырандары» театры еліміз бойынша ата дінімізді, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттап жүрген жалғыз театр ұжымы десек артық айтқандық емес. Атам қазақ: «Болар елдің балалары бірін-бірі батыр дейді», - деген. Менің бұл жарнаманы жариялаудағы мақсатым да осы. Дінге жанашыр болған азаматтарға біз де жанашыр болып, қолдау көрсетсек деген тілегім еді!
      8 жыл бұрын
  • Күшті! Астанада қашан болады екен? Барар ем...
    8 жыл бұрын
  • Біздің қазақ қоғамы дінге ыңғайлануды емес, дінді өзіне ынгайлап алгысы келетіндей боп көрінеді.
    8 жыл бұрын
Блог туралы