Құранды хатым етудің оңай жолы
Құранды хатым етудің оңай жолы

Қазір дүние, тіршілік деп адамның бір жерде отыруы да қиынға соғады. Жұмыстан, оқудан шаршап келгеннен кейін шаршайтыны, демалғысы келетіні анық. Аласапыран заманда өткен ғұламалар секілді Құранды түнде бір рет хатым, күндіз бір хатым қылатын адамдарды кездестіру қиын. Әр әріпі үшін 10 сауабы бар Алла Тағаланың кәләмі Құран Кәрімді күніне 20 беттен үзбей оқу адамға қиын болуы мүмкін.

Бірақ, жеңіл түрі де бар. Әр намаздан кейін 4 беттен оқып отырсаңыз, бір күнде 20 бет оқиды екенсіз. Сонда күніне 1 пара, 1 айда Құранды хатым қылып толық бітіресіз. 4 бетті шамамен оқуға орта есеппен 7, 8 минуттай уақыт кетеді. Ал сіз, күніне ұялы телефонызға қанша рет қарайсыз? Қанша уақытыңызды ғаламторға жұмсайсыз? Сағаттап кеткен қайран уақыттың орнына минуттап болса да, сауап алуға ұмтылайық. Пайғамбарымыз : "Аз да болса, жалғасып отыратын, үзілмейтін амал жақсы", - деген. Сондықтан, ең ұлы ғибадат Алланың кітабын ашуға деген құлшынысымыз, махаббатымыз жоғары болсын бауырлар!

Құран Кәрім бізге ертең Алла Тағаланың алдында куәлік етіп, дәрежемізді жоғары етеді. Пайғамбарымыз  Құран Кәрімді жаттаушыға оны оқитындарға айтқан өсиеттеріне зер салыңыз:

1. Әбу Умама (р.а.) айтады: «Мен Алла Елшісі ﷺ айтқанын естідім: «Құран оқыңдар! Ол қиямет  күні иесіне шапағат етеді»

2. Ән-Наууас ибн Сәмғән (р.а.) айтады: Мен Алла Елшісі ﷺ айтқаның естідім: «Қиямет күні Құранды және Құрандағы бұйрықтарға амал еткендерді алып келеді, «Бақара» және «Әли Имран» сүрелері алдыңғы қатарда тұрып сол сүредегі бұйрықтарға амал жасағандарға шапағат етеді».

3. Осман ибн Аффан (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі ﷺ айтты: «Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп және басқаларға үйреткендеріңіз». 

4. Айша анамыз (р.анһә) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ айтады: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады».  

5. Әбу Муса  (р.а.) айтады: Алла Елшісі ﷺ айтты: «Құран оқушы мүмин — тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді. Ал Құран оқымайтын мүмин — иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді — хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді. Ал Құран оқымайтын екіжүзді — иісі де жоқ, дәмі де ащы колоквин секілд». 

6. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ  айтады: «Алла Тағала Құранды қолбасшысы ретінде қабылдағандардың дәрежесін көтереді, екінші бір адамдарды осы Құран арқылы жерге ұрады». 

7. Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісініңﷺ  айтқанын жеткізеді: «Екі адам ғана қызғануға лайықты. Олардың бірі – Алланың берген дәулетін дін жолында жұмсаған адам. Екіншісі – Алланың нәсіп еткен Құран ілімін үйреніп,оны күні түні оқыған адам». 

8. Әл-Бара ибн Әзибтен(р.а.) жеткізеді: «Бір кісі «Кәһф» сүресін оқығанда, қасында екі арқанмен байлаулы аты тұрады. Кенет оны бір бұлт орап алады да, ол (бұлт) айналып, жақындай бастайды. Бұдан оның аты үркіп кетеді. Таң атқан соң, ол Пайғамбарға   келіп, мұны айтқанда, Алла елшісі : «Бұл – Құранға түскен тыныштық», – деді». 

9. Ибн Мәсғуд (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ айтқаның келтіреді: «Кімде- кім  Алланың  кітабынан  бір  әріп  оқыса  – бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп». 

10. Ибн Аббас (р.а.) риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ: «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды» — деген.

11. Абдуллы ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ хадисін келтіреді: «Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) былай  делінеді:  Оқы  және  жоғарыла  (төрлет),  оқы,  дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы, расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта”.

12. Абу Мұса (р.а.) айтады: Алла Елшісі ﷺ айтты: «Құранды әрдайым қайталап тұрындар.Мұхамедтің жаны құзырында болған Алламен ант етемін, ақиқатында Құран арқаннан босап кеткен түйелерденде тезірек шығып кетеді». 

13. Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің ﷺ айтқаның келтіреді: «Ақиқатында,Құранды жаттаған адам түйелерді байлаулы түрде ұстаған адам секілді.Егер ол түйелерін осындай жағдайда(байлаулы) ұстайтын болса ол ұстап қалады,егер босатып жіберсе олар қашып кетеді». 

14. Әбу Һурайра (р.а.) айтады: Мен Алла Елшісінің ﷺ: «Алла Тағала көркем дауысымен дауыстап Құран оқыған Пайғамбарына назар аударғандай басқа еш нәрсеге назар салмайды» — деп айтқаның естідім. 

15. Әбу Муса (р.а.) бір күні Алла Елшісі ﷺ былай деп айтқаның келтіреді: «Иә, Әбу Муса, Дәуіттің отбасына берілген сыбызғы сағанда берілді» — деген. 

Осы хадисті Имам Муслим келтірген риуаятында Алла Елшісіﷺ Әбу Мусаға (р.а.) айтқан:”Кеше сен Құран оқығанында мен қандай күйде болғанымды білсең ғой!?”.

16. Әл-Бара ибн Азиб (р.а.) айтады: «Мен кешкі намазда Алла Елшісінің : «Інжірге және зәйтүнге серт» деген сүрені оқығаның естідім. Пайғамбарымыз секілді тартымды дауыспен Құран оқыған адамды кездестірмедім». 

17. Әбу Лубаба Башир ибн Әбдул-Мунзир (р.а.) Алла Елшісінің ﷺ айтқаның келтіреді: «Құранды әуендетіп оқымаған адам бізден емес». 

18. Абдуллаһ бин Мәсғұд (р.а.) айтады: Бір күні Алла Елшісі  маған: «Құран оқышы, мен тыңдайын», – деді. Мен: «Пайғамбарым! Құран Саған түсіп тұрғанда, мен қалай Құран оқымақпын?» – деп сұрадым. Ол : «Құранды өзгеден тыңдаудың өзі ғанибет» деп жауап берді. Осыдан кейін «Ниса» сүресін басынан оқи бастап, «Әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек, қандай болар еді?» (Ниса, 4/41) аятына келгенде, «Жеткілікті, жеткілікті!» – деді. Басымды көтеріп қарасам, Алла Елшісі  көзіне жас алып отыр екен. 

19. Әбу Һурайра (р.а.) келтіреді: Алла Елшісі ﷺ айтты: «Алланың үйлерінің бірінде қай уақытта болмасын Құран оқып,оны үйренуге адамдар жиналса,міндетті түрде оларға Алланың тыныштығы,мейірімі жауады және оларды періштелер қоршап алады, Алла оларды Өзінің алдындағылардың алдында еске алады». 

Құран оқу, хатым ету, Құран жаттау, Оңтайлы жол
Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
8 жыл бұрын 33905
1 пікір
Блог туралы