Қайрат Құрманбаев - еліміздегі тұңғыш ислам ғылымы докторы атанды

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы» 2016 жылғы 4 сәуір № 327 бұйрығымен  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы Құрманбаев Қайратқа философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Айта кетсек, бұл елімізде жаңадан дамып келе жатқан исламтану ғылымы бойынша берілген ең алғашқы ғылыми дәреже.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың 29 желтоқсанында Нұр-Мүбарак университеті докторантура бөлімінің алғашқы түлектері Қайрат Құрманбаев (исламтану бойынша) пен Шағырбаев Алмасбек (дінтану бойынша) диссертациялық зерттеулерін сәтті қорғап шыққан болатын. Бүкіл құжаттар сараптаудан өткізіліп, Нұр-Мүбарак университетінің қос түлегі философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие болды.

Нұр-Мүбарак университетінен түлеп ұшқан жас ғалымдарды ғылыми дәрежелерімен құттықтаймыз!

muftyat.kz

Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
8 лет назад 5838
3 комментария
  • Ма ша Алла. Қуаныштымыз! Барша қазақ мұсылман жұрты қуанышты. Қайрат ағаның ауырып қалғанын естігенінде, Ақтөбе медресесіндегі жігіттер дұға етіп, тілеуін тілеген кездері әлі есімде. Ол кісінің "Хадис ілімі", "Құран ілімдеріне кіріспе" атты қос еңбегі қазақ сахарасына жаңашыл бағыт алып келгені ақиқат. Ізденудің нәтижесі - жеңіс! Ол- жеңіске жеткен жан!
    8 лет назад
  • Алла Разы болғай осы кісіге! Ісіне береке бергей! Раббым әр қашан қолдап, екі дүниеде бақытты ғұмыр кешуге нәсіп қылғай! Әмин!
    8 лет назад
  • Машалла! Докторларымыз көбейе берсін!
    8 лет назад
О блоге
Прямой эфир