Отбасы бақытына апаратын отыз жол: 8 - Сырласу, өзара түсінісу және жақындық
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Істері араларында кеңеспен шешіледі», - деген. («Шура» сүресі, 38-аят) Ерлі-зайыптылар мен балалары арасында жүргізілетін әңгімелер, сырласулар және кеңесулер арқылы отбасы ортасында тәжірибелер жиналады. Әркімнің іс-әрекеті дұрыстыққа жақын болып, қатеден алшақ болады. Әркім өз ойын жеткізе алу қабілетін дамытады, екінші біреудің ойын қабылдауды үйренеді, ортақ мүддені немесе біреудің ғана мүддесін көздейтін іске үлес қосуға ұмтылады. Шындықты сөйлеуге бейімделеді, жауапкершілікті көтеруді үйреніп, тапсырмаларды атқарудан қашпайтын болады. Әбу Һурайра (р.а.):...