Араб тілі синтаксисі (ӘЖУРРУМИЯ) 1-дәріс - Рашид Мухитдинов (Видео)
Берік АрғынбекұлыБерік Арғынбекұлы
8 жыл бұрын 4135
4 пікір
  • Муфтият кз. ресми саитынын ұжымына ұсыныс: видео, аудио өнімдердін басына музыка коятын болса қазақша күйлер толып жатыр ғой, солардан қойса болмайды ма екен. Тіпті музыка мәселесінде де араб , түріктерге жаутаңдамасак болар еді.
    8 жыл бұрын
    • Ассаламу алайкум, Нұрлан бауырым! Егер фондық әуенге қоюға болатын жақсы қазақша күйлер болса, жіберіңіз. Ұсыныс айтып жеткіземіз. Бұл жерде көріп тұрғаныңыздай, бейне дәрісті шығарған азаматтар музыкалық аспап қолданылмаған нашид (діни бағыттағы ән) қоюға мән берген тәрізді. Музыка мәселесінде араб, түрік басқа да ұлттарға жаутаңдайтындай бұл бейненің мақсаты клип немесе ән емес қой. Мақсаты дәріс болғандықтан бейне дәрістің мазмұнына мән бергеніміз дұрыс болар деп ойлаймын!
      8 жыл бұрын
  • Уағалайкумассалам, әрбір қазақ өз ұлттық музыкасын бiлуi керек деп ойлаймын. Жазып жіберетiндей аспаннан алтын нәрсе емес интернетте толып тұр. Ал, "нашит, музыкалық аспапсыз" деген сөзден қорқам. Қазақтың кай термесін алсаңыз, барлығы діни бағытта. Ол еш сылтау емес. Ел сенген діни басқарма осылай деп отырса, "Көрінді қаза бер Қазақ мәдениеті"!
    8 жыл бұрын
    • Негізі бұл бейнеден қазақ өз ұлттық музыкасын білмесін немесе білуі міндетті емес деген ой-түсінік шықпайтыны анық. Мәселенің мәні де осында. Егер мына бейненің мақсаты музыка болса онда сыныңыз жарасар еді. Бұл бейненің мақсаты – дәріс.
      Сыныңызды қазіргі қазақ эстрадасына, әншілерге, композиторларға т.б. айтсаңыз болады. Негізі музыка саласына жауапты солар ғой. Қазақ мәдениетіне, ұлттық музыкасына шынайы жаныңыз ашитын болса бүгінгі қазақ музыкасындағы батысқа еліктеу тенденциясына алаңдап, сынды соларға айтады деген ойдамын.
      «Біткен іске сыншы көп» дегендей сынау оңай, мінді түзеу оңай шаруа емес. «Сын түзелмей мін түзелмейді» дейді. Айтар сынымыздың мақсаты шынайы мін түзеу болса игі. «...қазақша күйлер толып жатыр ғой», «Жазып жіберетiндей аспаннан алтын нәрсе емес интернетте толып тұр» деп айта салу оңай, бірақ олардың фондық әуенге келу-келмеуі бар. Осыған байланысты, егер талғамыңыз жақсы болса, музыканы бағалайтын жан болсаңыз келеді-ау деген қазақи әуенді жіберіңіз деп едім. Ең болмаса сілтемесін. Жігіттерге жеткізейік.
      Мінді көріп, оны түзеуге тырыспасаңыз айтқан сыныңыз жәй ғана «өтірік жанашырдың» әңгімесі ғана болып қалады...
      Әрине бәрімізде кемшілік көп, идеалный дүние жоқ. Кез келген жерден кемшілік табуға болады. «Жақсылығын асырып, жамандығын жасыру» міне нағыз қазақтың мәдениеті. Өзге біреудің кемшілігін көрмей, кеңшілігін көре білу нағыз мұсылманның мәдениеті. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дүниеде бір пенде басқа бір пенденің айыбын жасырса, Алла қиямет күні оның айыбын жасырады» дейді (Мүслім).
      Термизи риуаят еткен хадисте Абдулла Ибн Омар (р.а.) айтады: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінберге көтерілді де, қатты дауыспен былай деді: «Ей, тілімен мұсылман болған, бірақ жүректеріне иман кірмеген кісілер, мұсылмандарға кесірлерің (зияндарың) тимесін, оларды айыптамаңдар, олардың кемшіліктерін іздеп (аңдып) жүрмеңдер. Кім мұсылман бауырының айыбын іздесе, Алла оның айыбын тексереді. Ал Алла кімнің айыбын тексерсе, оны үйінің түкпірінде болса да қарабет қылады».
      Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы» десе, Ақтамберді жырау: «өз мінін білген жігіттің тәлімінде мін барма?» дейді. Ал дана Абай: «Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес» дегендей, біреудің айыбын термей өз бойымыздағы мінімізді түзейік. Бір-біріміздің айыбымызды жасырайық!
      Бұл жұмысты шығару үшін қаншама кісілер еңбек етті, тер төкті. Бұл жұмыстан берер пайдасын емес кемшілігін іздесек, істелген еңбекті бағаламасақ біздің мұсылмандығымызға, азаматтығымызға сын деп есептеймін!!!
      8 жыл бұрын
Блог туралы